«Қазсушар» алдындағы диқандардың берешегі 1 млрд теңгеге жуықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Суармалы су жеткізу қызметін алған су тұтынушылардың «Қазсушар» алдындағы берешегі шамамен 1 млрд теңге.
Су тұтынушылардың «Қазсушар» РМК алдындағы суармалы су жеткізу қызметі бойынша дебиторлық берешегі 966 млн теңгеден асады.
Кәсіпорын жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бұл көрсеткіш екі еседен астам төмендеді. Мәселен, 2025 жылдың соңында берешек көлемі 2,13 млрд теңге болған.
Қазіргі таңда Қызылорда облысындағы берешек көлемі 251,3 млн теңге, Түркістан облысында 341,7 млн теңге, «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалында 211,3 млн теңге, Жамбыл облысында 94,65 млн теңге, Жетісу облысында 44,9 млн теңге, Батыс Қазақстан облысында 21,3 млн теңге, ал Шығыс Қазақстан облысында 1,4 млн теңге.
Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК су тұтынушылармен жаңа биллинг жүйесі арқылы электронды форматта келісімшарттар жасасып жатыр. Жүйеде автоматты шектеу қарастырылған: егер тұтынушының 5 мың теңгеден асатын дебиторлық берешегі болса, онымен жаңа келісімшарт жасалмайды.
— Дебиторлық берешек суару маусымының тұрақты өтуіне кедергі келтіреді. Су жеткізу қызметінен түскен қаражат гидротехникалық нысандарды тазалауға және жөндеуге, жанар-жағармай материалдарын, сондай-ақ жұмысқа қажетті басқа да материалдарды сатып алуға жұмсалады. Сондықтан диқандарды берешектерін мүмкіндігінше тезірек өтеуге шақырамыз. Бұл вегетация кезеңінде су шаруашылығы нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев.
Айта кетелік Қазақстанда 102 кәсіпорын 408 жұмыскеріне жалақы бойынша берешек.