«Қазсушар» кәсіпорны еліміздегі шаруаларға 4,8 млрд текше метр су берді

АСТАНА. KAZINFORM – Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздегі шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етті. Жалпы саны 4,8 млрд текше метр су жіберілді. 

Қазсушар
Фото: kazvodhoz-krg.kz

Атап айтқанда «Қазсушар» филиалы: 

Қызылорда облысы бойынша дихандарға 2,39 млрд;

Түркістан облысы бойынша егіс алқаптарына 1,08 млн; 

Жетісу облысы бойынша шаруаларға 551 млн; 

Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 225 млн; 

Жамбыл облысы бойынша суармалы жерлерге 305,1 млн; 

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы дихандарға 158,2 млн; 

Батыс Қазақстан облысы бойынша өңір шаруаларына 15,2 млн; 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша дихандарға 60 млн;  

Қарағанды облысы бойынша егістіктерге 15,6 млн; 

Ақтөбе облысы бойынша суармалы алқаптарға 8,83 млн;

Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 7,5 млн;

Павлодар облысы бойынша дихандарға 0,48 млн;

Ақмола облысы бойынша егіс алқаптарын суаруға 1,2 млн;

Атырау облысы бойынша шаруаларға 5,6 млн текше метр суармалы су жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар