Қазталов ауданында 22 адамға 92,2 млн теңге несие берілді - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 22 адамға 92,2 млн теңге несие берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Жүсіп Шақуовтың айтуынша, биыл аталмыш бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2-бағыты бойынша бұл мақсатқа ауданға 87,542 млн теңге қаралған болатын.  Сонда ауыл тұрғындары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несиеге артығымен қол жеткізіп отыр. Осы қаржыға олар 291 бас ірі қараны еншілеуі керек болса, қазірдің өзінде 118 басты сатып алды. Оған қоса 123 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жіберілді.
null

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» 1-бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқу үшін 37,523 млн теңге қаралды. Жоспар бойынша 210 адамды оқыту көзделсе, күні бүгін 164 адам аспаз, механизатор, шаштараз, газ қондырғысының операторы секілді мамандықтар бойынша оқуға жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғындарды жіберу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 10,428 млн теңге беріліп, қазірдің өзінде 59-дың орнына 61 адам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының сұраныстары бойынша өз орындарын тапты. Сондай-ақ жастар тәжірибесіне 23,371 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл бойынша 84-тің орнына 104 адам жіберілді. 
null

Халықты жұмыспен қамтудың бір жолы - бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі. Мысалы, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 25 тамыз күні ұйымдастырған осындай шарада 40 жұмыс беруші 97 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан 122 жұмыссыздың 37-сі өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылды. 

Айта кетейік, аталмыш бөлімге жыл басынан бері 929 адам жұмыс іздеп, өтініш білдірсе, соның 490-ы бос орындарға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бойынша еңбек орнын тапты. 

Соңғы жаңалықтар