Қазталов ауданында жаңа балабақша мен кәсіптік мектеп ғимаратын салу жоспарланып отыр

ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді даму жоспарына сәйкес білім беру орындарына жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар аудан орталығы Қазталовта 280 орындық балабақша, Жалпақтал ауылында 300 орындық кәсіптік мектеп салу жоспарланып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Есентай Қалиевтің айтуынша, өткен жылы Бостандық, Ғ.Молдашев атындағы орта мектептер және Қараоба балабақшасымен қатар Сатыбалды елді мекеніндегі орта мектепке жергілікті бюджеттен 8,5 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Жалпақтал ауылындағы үш тарихи ғимарат мемлекет қорғауына алынса, Қайыңды, Талдыбұлақ мәдениет үйлері, орталық кітапхана күрделі жөнделді. Биыл Ақпәтер, Қараоба, Әжібай мәдениет үйлеріне де осындай жұмыстар жүргізілмекші. Сол секілді барлық денсаулық сақтау орындары да материалдық-техникалық жағынан жасақталып отыр.
Соңғы жаңалықтар