«Қазтелеком» 2008 жылы барлық ауылдық елді мекендерге телефон орнату жұмысын аяқтады

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Қазақтелеком» АҚ 2008 жылы республикамыздағы барлық ауылдық елді мекендерге телефон орнату жұмысын аяқтады.
None
None
Бұл туралы бүгін Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылы айтулы оқиға болды. Біз Ақпараттандыру және байланыс агенттігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген барлық 7008 елді мекенге телефон орнаттық», деді А. Жұмағалиев. Оның сөзіне қарағанда, ауыл халқының сұранысын толық қанағаттандыру үшін 200 станса сатып алынып, 61 мың телефон орнатылған. «2009 жылы біз инвестиция тартып, елді мекендерге 117 станса орнатуды жоспарлап отырмыз», деді ол. Айта кетейік, аталмыш жұмыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізілді.
Соңғы жаңалықтар