«Қазтелерадио» 11 млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды
Тексеру, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2-тармақшасында көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану заңнамасының бұзылуына байланысты жүргізілді.
«Акционерлік қоғамның әрекеттерінде телекоммуникациялық жабдықтарды сақтау жөніндегі қызметтерге нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды немесе әртүрлi шарттарды қолдану бойынша ел заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2018 жылғы 20 қарашадағы қаулымен аталмыш компанияны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 11 618 205,36 теңге мөлшерінде айыппұл салды» делінген хабарламада.
Бұдан басқа, акционерлік қоғамға Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзу фактілерін тоқтату және оның салдарын жою жөнінде нұсқама берілді.