Қазтелерадио 4 қарашада профилактикалық жұмыс жүргізеді
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазтелерадио» 4 қараша күні профилактикалық жұмыстардың жүргізілетінін хабарлайды.
— Осыған байланысты сағат 03:00–ден 17:00–ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) бүкіл ел аумағында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтік телевизия мен радио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта хабар таратудың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.