«Қазтелерадио» Қарағанды, Астана және Алматы қалаларында ілкі жоба ретінде сандық хабар тарататын құрылғы орнатпақ

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сандық телеарнаны дамыту бағытында өткен жылы Қарағанды қаласында ілкі жоба қолға алынды.

«Қазтелерадио» Қарағанды, Астана және Алматы қалаларында     ілкі жоба ретінде сандық хабар тарататын құрылғы орнатпақ

Биылғы жылы жобаның жұмысы аяқталады. Осыған қарай «Қазтелерадио» компаниясы Қарағанды, Астана және Алматы қалаларында жоспарға сай ілкі жоба ретінде сандық хабар тарататын құрылғы орнататын болады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Байланыс және ақпарат минситрлігінің байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы Ризат Нұршабеков айтты.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш бағдарламалар 3 жылға жоспарланады. «Осыған қарай шамамен 2017 жылдарға таман елде әдеттегі телехабар тарату жүйесін тоқтатуымыз керек»,-деді ол.