«Қазтелерадио» журналистер арасында байқау жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазтелерадио» АҚ баспа, электронды және Интернет-БАҚ журналистерінің арасында ҚР-дағы цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі үздік жарияланымдарға шығармашылық конкурс жариялайды, деп хабарлады деп хабарлады аталған компанияның баспасөз қызметінен.
Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз беттерінде, телевизиялық эфирде және Интернет-кеңістікте 2014 жылғы 14 қаңтар мен 10 қараша аралығында жарияланған материалдар қатысады. Конкурста республикалық, өңірлік электрондық және баспа БАҚ, оның ішінде Интернет-сайттардың журналистері мен блогерлері бақ сынауына болады. Жеңімпаздар БАҚ түрлері бойынша қарастырылған номинацияларда анықталып, ақшалай және бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Конкурсқа қатысушылардың санаты мен номинация түрлеріне қарай ақшалай сыйлықтар 150 000 теңге, 100 000 теңге және 50 000 теңге мөлшерінде болмақ.