«KazTransCom» компаниясының 2010 жылғы табысы өткен жылмен салыстырғанда 13 пайыздан астам өсіп, 10,7 млрд. теңгені құраған
«PriceWatehousCoopers» компаниясымен жарияланған 2010 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептіліктің, сонымен қатар акционерлік қоғамның операциялық деректерінің негізінде «KazTransCom» таңдалған даму векторының тұрақтылығын дәлелдеді.
Компания табыстары 2009 жылмен салыстырғанда 13%-дан астам өсіп 10,7 млрд. теңге шамасын құраған. Таза пайда 1,9 млрд. теңгеге жеткен, бұл 2009 жыл деңгейінен 23%-ға жоғары. Компанияның материалдық емес активтері 27%-ға өскен, ал негізгі қаражаттардың өсімі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 12%-ды құраған.
2010 жылы 20%-дан астам ұлғайған клиенттік база да тұрақты өсуде. 2010 жылы магистралды талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы аяқталған және шекаралас мемлекеттердің операторларымен халықаралық түйісудің ұйымдастырылуы жүргізілген. Синтерра (Ресей Федерациясы), «Узбектелеком» (Өзбекстан Республикасы), «ChinaTelecom» (ҚХР), бұл KazTransCom-ның магистралды ТОБЖ-сінің жалпы ұзындығын 20%-ға ұлғайтқан.
«KazTransCom» АҚ - телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласында қызметтер көрсетудің кең ауқымын ұсынып жатқан баламалы ірі байланыс операторы. Компанияның нысаналы сегменті түрлі саладағы корпоративтік клиенттер болып табылады. Қазіргі уақытта KazTransCom-ның Қазақстанның ірі қалаларында дамыған филиалдық желілері бар.