«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның ұжымы бір күндік жалақыларын Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккендерге аударды
АЛМАТЫ. Наурыздың 15-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның орталық әкімшілік аппараты және барлық өндірістік бөлімше қызметкерлері бір күндік жалақыларын Алматы облысы Ақсу ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге аударды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компания ұжымы, бұл шешімді бір ауыздан қабылдап, бір күндік жалақыларын арнайы ашылған есеп шотқа аударды.
Сондай-ақ бүгін Алматыда орналасқан сауда ойын-сауық кешендердің бірінде зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету мақсатында акция өтеді.