«ҚазТрансГаз Аймақ» борышкерлерді газсыз қалдырмақ
«Жыл сайын газға жинақталған қарыздар мәселесіне тап боламыз. Өткен жылы жылу беру маусымы соңында қарыздар 21 миллиард теңгені құрады. Бұл өз кезегінде біздің компания үшін өте үлкен жүктеме. Бүгінде берешек сомасы 12 миллиард теңге азайды», -деп тоқталды Тасыбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда ол жергілікті атқарушы органдар борышкерлермен тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Негізінен қарыздар жылу-энергетикалық компанияларға тиесілі. Біздің тұтынушыларға әсер етпесе де, алайда борыштарын өтеуге асықпайтындар газсыз қалуы мүмкін екенін ескертемін. Жағылған газ үшін қарызды төлеу керек», - деді Манас Тасыбаев.
Баспасөз мәслихатындағы баяндамасында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев 2018 жылдың 8 айында газ өндіру көлемі 35,1 млрд текше мерді (118%) құрағанын, сондай-ақ 1,9 млн тонна сұйытылған газ (114,4 %) өндірілгенін жеткізді.