«ҚазТрансГаз»-дың былтырғы табысы 2012 жылғыдан 80 пайызға артық - компания басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы бойынша 2013 жылғы таза табыс 51 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қорытындыдан 80 пайызға жоғары болған.

«ҚазТрансГаз»-дың былтырғы табысы 2012 жылғыдан 80 пайызға артық - компания басшысы

Бұл туралы бүгін «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2013 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында компанияның Бас директоры Серік Сұлтанғали айтты. Оның сөзіне қарағанда, магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 110,14 млрд. текше метрді құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 109,19 млрд. текше метр болған. «Есепті кезеңде табиғи газ тасымалдау 11,998 млрд текше метрді құрады, бұл 2012 жылғыдан 3,6 пайызға көп. Бұл ретте экспортқа газ өткізу жөніндегі жоспар 2 млрд. 409 млн. текше метр газды құрай отырып, 115 пайызға орындалды. Бұл 2012 жылдың ұқсас көрсеткіштерінен 2 есеге асып түсті», - деді компания басшысы.