«ҚазТрансГаз-Тбилисимен» жағдай Грузиядағы қазақстандық инвестицияларға әсерін тигізбейді

БАКУ-ТБИЛИСИ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Грузияның экономика және қаржы министрлігі «ҚазТрансГаз-Тбилисиге» қазақстандық менеджментті қайтару бағытында бірлесіп жұмыс істеуде, және бұл мәселе шешілетін болады.
None
None

Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында Грузияның қаржы министрі Гиорги Квирикашвили мәлімдеді.

«Біз «ҚазТрансГаз-Тбилисимен» байланысты ағымдағы түйіткілдер үшін Қазақстанмен инвестициялық қарым-қатынас нашарлайды деп ойламаймыз», - деп атап өтті Г. Квирикашвили.

Грузиялық министрдің сөзінше, «ҚазТрансГаз-Тбилисимен» жағдай екі мемлекеттің экономикалық қарым-қатынасына әсерін тигізе алмайды, әсіресе, мәселе ауқымды инвестор болып табылатын мемлекет туралы болып отырғанда.

Еске сала кетейік, «ҚазТрансГаз» қазақстандық компаниясы «Тбилгаз» Тбилиси газ үлестіру компаниясының активтеріне 2006 жылдың мамырында инвестициялық ставка бойынша жеңісінен кейін ие болды. Инвестор компания үшін 12,5 миллион АҚШ долларын төледі. 2009 жылы Грузиялық энергетиканы және сумен қамтуды реттеу ұлттық комиссиясы «ҚазТрансГаз-Тбилисидің» арнайы менеджерін тағайындады. Басшылықтың ауысуына себеп компанияның 80 миллион лари көлеміндегі (1 лари = 0,5742 АҚШ доллары) берешегі болды, оның 68 миллион лариін «ҚазТрансГаз-Тбилиси» Грузияның мұнай және газ корпорациясына қарыз.

Бұған дейін Грузияның энергетика министрі Каха Каладзе қазақстандық компанияға қарызын Грузияның Қазақстанға мемлекеттік берешегі есебінен (оның көлемі 100 миллион АҚШ долларын құрайды) жабуды ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар