«Қазтрансойл» 2013-2014 жылдары акционерлеріне 70 млрд. теңге дивидент төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазтрансойл» 2013-2014 жылдары акционерлеріне 70 млрд. теңге дивидент төледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазтрансойл» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

«Қазтрансойл» 2013-2014 жылдары акционерлеріне 70 млрд. теңге дивидент төледі

«Бүгінгі таңда «Қазтрансойл» қаржылық жағынан тұрақты, экономикалық тартымды болып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз 63 млрд. теңге таза табыс алдық. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 90 пайызға артық», - деді Қ.Қабылдин.

Бұл ретте оның сөзіне қарағанда, компания халықтық ІРО-ға шығар алдында жария еткен инвестициялық меморандумында алынған табыстың кемінде 40 пайызын дивидентке және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын акционерлерге төлеуге кепілдік берген.

«2013-2014 жылдары ішінде акционерлердің пайдасына төленген дивиденттердің сомасы 70 млрд. теңгеге жуықтайды», - деді ол.