«ҚазТрансОйл» 66 млн. 873 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдады

АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ  2011 жылы  66 млн. 873 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдап, өз көрсеткішін 2 пайызға ұлғайтты.
None
None

Ол 2010 жылы  65 млн. 825 мың тоннаны құраған болатын. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тауар айналымының шоғырландырылған көлемі есепті кезеңде 42 млрд. 243 млн. тонна шақырымды құрады. Бұл жоспардан 4 пайызға, ал 2010 жылғы деңгейден 2 пайызға жоғары.

  Компанияның негізгі қызметінен тапқан табысы былтыр 140 млрд. 478 млн. теңге болды. Бұл жоспардан  - 6, ал 2010 жылғы көрсеткіштен 2 пайызға жоғары. 2011 жылы жалпы және әкімшілік шығындар 6 млрд. 730 млн теңгені құрап, алдыңғы жылғы деңгейден  95 пайызға азайды. Ал таза кіріс 32 пайызға ұлғайып,   25 млрд. 975 млн теңге көлемінде  болды.

 Компанияның Бас директоры Қайыргелді Қабылдиннің айтуынша, олар өткен жылғы қызметінің қорытындысына қанағаттанып отыр. Қазір енді халықтық ІРО бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Олар белгіленген мерзімде өз акциясын ұсынатына сенімді.

Соңғы жаңалықтар