13:45, 31 Мамыр 2013 | GMT +5
«ҚазТрансОйл» АҚ акцияларының дивиденттік табыстылығы 10,3 пайызды құрады
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылдың мамырындағы мәліметтер бойынша "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында «ҚазТрансойл» (ҚТО) акцияларының дивиденттік кірістілігі 10,3 пайызды құрады.

ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы аталған ұлттық компания бас директорының орынбасары Болат Закиров құнды қағаздардың қайталама нарығындағы ҚТО акцияларының айналымы мен өзекті мәселелеріне және "Халықтық IPO" бағдарламасы перспективаларына арналған дөңгелек үстел барысында мәлім еткен.
"2013 жылдың мамырында акциялардың орташа бағасы 842 теңгені құрады, бұл орналастыру бағасынан 16,2 %-ға артық. Акцияларды 825 теңгеге сатып алғандар үшін орналастыру бағасына дивиденттік табыстылық 10,3 %-ды құрады", - деді Б. Закиров.
Сонымен қатар, салыстыру үшін 2012 жылы банк депозиттері бойынша орташа табыстылық Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес 8,28 %-ды құрады.