«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң басшысы болып Ардақ Қасымбек тағайындалды. Бұл туралы бүгiн «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Бас директоры Қайыргелдi Қабылдин мәлiм еттi.

«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң жаңа басшысы тағайындалды

«28 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ жылдық жалпы жиналысын өткiздi. Онда директорлар кеңесiнiң кейбiр мүшелердiң өкiлеттiлiктерiн мерзiмiнен бұрын доғару және үш жыл өкiлеттiк мерзiммен директорлар кеңесiнiң жаңа мүшелерiн сайлау туралы шешiм қабылдады. «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң төрағасы болып Ардақ Қасымбек сайланды», - дедi ол.