"ҚазТрансОйл" АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын сатып алу туралы Қанағаттандырылған өтініштер тізілімі "Қазақстан Қор биржасы" АҚ-на тапсырылды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше "ҚазТрансОйл" АҚ ҚР азаматтары мен ҚР заңнамасына сәйкес құрылған зейнетақы қорларына "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде ұсынылған "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын сатып алу туралы Қанағаттандырылған өтініштер тізілімін "Қазақстан Қор биржасы" АҚ-на тапсырды.  

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның 38 463 559 қарапайым акцияларын сатып алу туралы Қанағаттандырылған өтініштер тізілімі "Қазақстан Қор биржасы" АҚ-на тапсырылды

Осыған дейін хабарланғандай, 13 желтоқсанда "Қазақстан Қор биржасы" АҚ Қабылданған өтініштер тізілімін "ҚазТрансОйл" АҚ-на ұсынған болатын. Акцияларға жазылу шарттарына сәйкес Қабылданған өтініштер тізіліміне тек қана Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ), сондай-ақ маркет-мейкерлердің өтініштері енгізілді.

 Қабылданған өтініштер тізіліміне сәйкес жалпы сомасы 59 408 943 975 теңгені құрайтын барлығы 34 687 өтініш түсті, оның ішінде 34 676 өтініш ҚР азаматтарының, 10 өтініш ЖЗҚ-ның, 1 өтініш маркет-мейкердің атынан келіп түскен. Қосымша талдаудың нәтижесінде Қанағаттандырылған өтініштердің тізілімін қалыптастыру кезінде жинақталған қайталанатын өтініштердің (бір инвестордың атынан түскен өтініштер) түскені, сондай-ақ, 67 азамат 7 млн. теңгеден астам сомаға жекелеген және жинақталған өтініштерді бергені анықталды.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 31 қазанындағы №1376 қаулысында бекітілген Қарапайым акцияларды орналастыру құрылымына сәйкес үлестіру өткізудің нәтижесінде келесі өтініштер қанағаттандырылды:

маркет-мейкердің 1 өтініші (орналастырылған акциялардың 0,6%-н құрайды);

Қазақстан Республикасы азаматтарының 34 676 өтініші (орналастырылған акциялардың 79,1%-н құрайды);

ЖЗҚ-ның 10 өтініші (орналастырылған акциялардың 20,4%-н құрайды).

 Осылайша келесі нәтижелерге қол жеткізіліп отыр:

маркет-мейкердің өтініші толығымен қанағаттандырылды;

жеке тұлғалардың 7 млн. теңге көлеміндегі жекелеген және жинақталған өтініштері толығымен қанағаттандырылды. Азаматтардың сомасы 7 млн. теңгеден асатын өтініштері қанағаттандырылмай қалды. Жеке тұлғалардың қанағаттандырылмай қалған жекелеген және жинақталған өтінішерінің жалпы сомасы 71 635075 теңгені құрап отыр;

ЖЗҚ-ның өтініштері мәлімделген сұраныстың 15,3% мөлшерінде берілген өтініштеріне сәйкес қанағаттандырылды.

 2012 жылдың 24 желтоқсанында есеп айырысу аяқталғаннан кейін, маркет-мейкерлер, жеке инвесторлар мен ЖЗҚ-ның брокерлік шоттарынан тиісті соманы шығарып тастау арқылы сатып алынған акциялар шотқа аударылатын болады. Қазақстан Республикасының 33 989 азаматы және Қазақстан Республикасында тіркелген 11 заңды тұлға (10 ЖЗҚ және 1 маркет-мейкер) "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлері атанады деп күтілуде.

 2012 жылдың 25 желтоқсанында "ҚазТрансОйл" АҚ акцияларының Қазақстан Қор биржасында саудалануы басталады.

 "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде "ҚазТрансОйл" АҚ акциялар қоржынын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығару кезінде компанияның кеңесшілері ретінде келесі компаниялар қатысты: UBS AG халықаралық инвестициялық банкі, «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ ("Қазкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) және «Прайсуотерхаус Куперс Такс энд Эдвайзори» ЖШС - қаржылық консалтинг мәселелері бойынша; «CURTIS MALLET-PREVOST (Kazakhstan)» (КУРТИС МАЛЛЕТ-ПРЕВОСТ (Қазақстан)  ЖШС және «White&Case Kazakhstan» ЖШС заңгерлік компаниялары - құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша; "Promo Group Communications" ЖШС консалтинг агенттігі - ақпараттық және PR сүйемелдеу мәселелері бойынша. "ҚазТрансОйл" АҚ аудиторы «Эрнст энд Янг» ЖШС болып табылады, деп хабарлайды «ҚазТрансОйл» АҚ-ның баспасөз қызметі.