«ҚазТрансОйл» басшысы «ҚазМұнайГазда» қосымша жұмыс істейтін болады
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) Бас директоры Қайыргелді Қабылдин «ҚазМұайГаз» (ҚМГ) АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін қоса атқаратын болады. Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.
ҚТО баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім ағымдағы жылдың 15 қарашасында өткен «ҚазТрансОйл» Директорлар кеңесінің мәжілісінде қабылданған.
«Осы мәжілісте «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Қайыргелді Қабылдинге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары ретінде қосымша жұмыс істеуіне келісімін берді», - делінген хабарламада.