ҚазТрансОйл дивидендтерді төлеу сомасын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылғы таза табыстары мен өткен жылдары бөлінбеген табысын үлестіру және қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

ҚазТрансОйл дивидендтерді төлеу сомасын жариялады

«2016 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ алғаш рет IPO-дан кейінгі кезең ішінде рекордтық қаражат бағыттады. Көрсеткіш 2015 жылы төленген дивиденттермен салыстырғанда 17 %-ға жоғары және бұл орналастыру бағамына 21% кірісті қамтамасыз етеді», - деді ҚТО-ның бас директоры Димаш Досанов баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ өткен жылғы нәтижеге сәйкес, дивидендт көлемі «ҚазТрансОйл» АҚ бір қарапайым акция есебінде 155 теңге деңгейінде бекітілген. Көрсеткіш 2015 жылы төленген дивиденттермен салыстырғанда 17 % жоғары және бұл орналастыру бағамына 21% кірісті қамтамасыз етеді.

Еске сала кетсек, аталған компания акцияларының 10%-ы  төрт жыл бұрын халықтық IPO аясында орналастырылған болатын.