«ҚазТрансОйл» келесі жылдан бастап мұнай айдауға арналған тарифті ұлғайтады

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай айдауға арналған тарифті ұлғайтады, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты ҚТО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазТрансОйл» келесі жылдан бастап мұнай айдауға арналған тарифті ұлғайтады

«Оның ішінде экспорттікі - 1000 тонна-км-ге 4 850,6 теңге (ҚҚС-сыз), ішкі нарықтікі - 1000 тонн-км-ге/2 931,8 теңге (ҚҚС-сыз) болады. Жаңа тарифтерді Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) бекітті», - деп хабарлады ҚТО баспасөз қызметі.
Бұрын аталмыш тарифтер тиісінше 1000 тонна-км-ге/4 732,6 теңге және 1000 тонна-км-ге/1 954,5 теңге болған еді.