«ҚазТрансОйл» мұнай айдайтын екі станцияны іске қосты
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай мұнай құбырының Атасу-Алашаңқай учаскесінде мұнай айдайтын екі станция пайалануға берілді. Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.
«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) баспасөз қызметінің мәліметінше, «осы өндірістік объектілерде жұмыстың басталуы «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді».
Мұнай айдау станцияарының құрылысын «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС қаржыландырды. Бұл кәсіпорынға ҚТО мен Қытайдың CNODC компаниясы тең иелік етеді. Қосымша құн салығын есептемегенде, жоба бойынша шығын - 20,9 млрд. теңге.
2012 жылы Атасу-Алашаңқай арқылы 10,4 млн тонна, ал ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 10,9 млн. тонна Қазақстан мұнайы тасымалданды.