«ҚазТрансОйл» мұнай экспорттауға арналған тарифтерді ұлғайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап мұнай айдауға арналған тарифті ұлғайтады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«ҚазТрансОйл» мұнай экспорттауға арналған тарифтерді ұлғайтады

«Экспортқа мұнай тасымалдау тарифі - 1000 тонна-км-ге 5 817,2 теңге (ҚҚС-сыз). Жаңа тарифтерді Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) бекітті», - деп хабарлады ҚТО баспасөз қызметі.

Бұрын аталмыш тарифтер 1000 тонна-км-ге/4 850,6 теңге болған еді.

Ішкі нарықтағы тасымалға баға көтерілген жоқ, оның көлемі - 1000 тонн-км-ге/2 931,8 теңге (ҚҚС-сыз) болады.