ҚазТрансОйлдың еншілес компаниясы жабылды

«ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Terminals Limited» (Кипр) компаниясының 100% акциясын иеленді және осы компания арқылы Грузиядағы «Батуми мұнай терминалы» жауапкершілігі шектеулі қоғамының өндірістік активтерін иеленіп, басқарған болатын. Батуми мұнай терминалы «Батуми теңіз порты» ЖШҚ 100% акциясының эксклюзивті басқару құқығына ие.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2015 жылғы «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» № 1141 қаулысына сәйкес, «ҚазТрансОйл» АҚ мен компанияның негізгі өндірістік активтері арасындағы басқару деңгейлерін қысқарту мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Terminals Limited» компания тобын қайта құрылымдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізді.
2017 жылдың 28 маусымында «Batumi Terminals Limited» компаниясын жабу процедуралары толық аяқталды.