«ҚазТрансОйлға» жаңа бас директор сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«ҚазТрансОйлға» жаңа бас директор сайланды

««ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 5 тамыздағы шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Нұртас Шмановтың 2016 жылғы 1 тамыздан бастап, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай тасымалдау бойынша аға вице-президенті болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің жоғарыда көрсетілген шешімімен 2016 жылғы 6 тамыздан бастап, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып Димаш Досанов сайланды» делінген хабарламада.