«Қазцинк» компаниясына 50 млн теңге айыппұл салынды

«Казцинк»
Фото: gov.kz

ШЫҒЫС ҚАЗАСТАН ОБЛЫСЫ. KAZINFORM — Биыл қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша «Қазцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Тексеріс нәтижесінде мекемеге өзенді ластағаны үшін 50 млн теңге айыппұл салынды.

Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында Экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсеткен.

«Тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды. Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Қазцинк» ЖШС-не 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», - деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінен.

Соңғы жаңалықтар