14:16, 17 Наурыз 2013 | GMT +5
Kaztube.kz конкурс жариялайды
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Kaztube.kz сайты Наурыз мейрамына орай 15 және 30 наурыз аралығында әуесқой видео түсірушілер арасында конкурс жариялап отыр. Бұл туралы сайт жүргізушілері хабарлап отыр.

Конкурс шарты бойынша кез келген үміткер өзінің Наурызды қалай тойлағанын бейнетаспаға жазып алып, бірнеше эпизодты біріктіріп, әдемі материал дайындап, сайт мекенжайына жіберуі тиіс.
Конкурс талаптары:
Kaztube.kz сайтына тіркеліңіз.
- Еркін жанрда ерекше бейне түсіріп, kaztube.kz сайтындағы «конкурс «Наурыз» санатына бейнені жүктеңіз.
- Бейнематериалдар 30 наурызға дейін қабылданады.
- Жеңімпаздар видеоның танымалдылығына байланысты анықталады.
Үздік деп танылған төрт бейнеролик иесінің тіл үйрену мектебіне жолдама жеңіп алатын мүмкіндігі бар.