ҚазҰАУ студенттері наурыз мерекесін атап өтті

АЛМАТЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Тәуелсіз Қазақстанның 20-шы наурызы - ақталған үміттер мен жаңа мақсаттардың көктемі» ұранымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері көктем мерекесі наурызды атап өтті.
None
None

Шара барысында театрландырылған көріністер қөрсетіліп, студенттік көркемөнерпаздар ұйымдарының концерттері қойылды. Шараны университет ректоры Тілектес Есполов ашып, жиналғандарды наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ ҚазҰАУ ғалымдары мен студенттерінің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, қазақстандық аграрлық ғылым мен біліміне үлес қосқан қайраткерлерге алғыс білдірді. Университет алдында тұрған маңызды тапсырмаларды атап өтті. «Алғашқы кезекте заман талабына сай білігі жоғары маман дайындау басты мақсатымыз»,- деді университет ректоры.

Шараға студенттер, оқытушылармен қатар Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстанның Халықтар ассамблеясының, Республикалық әйелдер кеңесінің президиум мүшелері қатысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум