ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанов дүниеден өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 66 жасқа қараған шағында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанұлы Ақанов дүниеден өтті.

ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанов дүниеден өтті

Айқан Ақанов 1951 жылы Семей облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Алматы шет тілдері институтын бітірген. Ол Қазақ ұлттық медицина универститетін 2008-2015 жылдары басқарған. Медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР Валеология академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.