19:19, 06 Наурыз 2013 | GMT +5
ҚазҰӨУ үздіктері әлемнің алдыңғы қатарлы концерттік залдарында өнерлерін паш етпек
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақ ұлттық өнер университетінің 15 жылдық мерейтойына арналған есептік концерт өтті.

Шарада көпшілік назарына халықтық және классикалық музыка туындыларды ұсынған ҚазҰӨУ оқытушылары мен аспиранттары, сондай-ақ студенттері аталған оқу орнының үлкен шығармашылық әлеуетін көрсетті. Белгілі болғандай, бұл концертте өнерлерін паш еткен өнерпаздар алдағы уақытта Милан, Турин, Вашингтон, Париж, Токио қалаларының үздік өнер ордаларына концерттік турмен барады.
Концерттік бағдарламаның жетекшісі - ҚазҰӨУ ректоры, ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева.
Бүгінгі мерекелі жиынға бірқатар елдердің танымал музыкалық жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.