ҚазҰПУ-да студенттердің зияткерлік-элиталық «Абай мектебі» ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы / - Бүгін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде студенттердің «Абай мектебі» ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мектеп студенттер арасындағы сұрыпталған терең білімді, Абай шығармаларынан түсінігі мол, ғылыми әлеуеті жоғары, бірнеше тілді меңгерген, ұлтжанды жастарды бір ортаға жинау мақсатында ашылған. Бұдан былай мектеп әр түрлі тақырыптардағы кездесулер, дөңгелек үстелдер мен мәдени-ғылыми шаралардың орталығына айналмақ. Сондай-ақ мектеп тыңдаушыларына танымал саясаттанушылар, дипломаттар, мәдениет-өнер қайраткерлері, педагогтар, тарихшылар, жазушылар лекциялар мен семинар-тренингтер жүргізбек. Студенттер мектепке арнайы жасақталған комиссия арқылы әр сала мамандарының қатысуымен іріктелмек. Тест және әңгімелесу арқылы өтетін емтиханға университеттің 1-3-ші курс аралығындағы студенттері қабылданады.
Соңғы жаңалықтар