ҚазҰПУ-де студент қатарына қабылдау рәсімі өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше  Республика сарайында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенттерін  студент қатарына қабылдау рәсімі өткізілді,

ҚазҰПУ-де студент қатарына қабылдау рәсімі өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Студенттер қатарына қабылдау салтанаты университет ректоры, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің құттықтау сөзімен ашылды. Алматы қалалық, Медеу аудандық әкімдіктерінің өкілдері, Алматыдағы жоғары оқу орындарының ректорлары және белгілі ғалымдар сөз сөйледі. Сонымен қатар, бірінші курс студенттеріне сынақ кітапшалары мен студенттік билеттер тапсырылды.

«80 жылдық тарихы бар Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны бүгінде білім берудің халықаралық инновациялық технологияларын кеңінен игеріп, әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылып отырған классикалық үлгідегі университет. Қазіргі таңда оқу орны дүние жүзіндегі 150 алдыңғы қатарлы университетпен іскерлік байланыстар орнатып отыр. Еуропа университеттері қауымдастығының мүшесі, Болон (Италия) Декларациясына қол қойған оқу орны. Бүгінде 11 факультетте 53 мамандық бойынша кадрлар даярланады. 2009-2010 оқу жылына 1-ші курсқа 3600 студент қабылданды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 800 студентке артық. Өткен оқу жылында 700 студент мемлекеттік грантты жеңіп алса, биыл олардың қатары 907 студентке жетіп отыр», дейді университет ректоры.