13:18, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚазҰПУ ректорының кубогы үшін республикалық турнир өтеді
АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Үстіміздегі жылдың 21-22 ақпан күндері «Жастар – мемлекетіміздің маңызды капиталы» деген тақырыпта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының кубогы үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнының жастар ісі жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.
Осы сайысты өткізудегі басты мақсат - жастардың рухани жетілуіне ықпал жасау. Соның ішінде шешендік өнер арқылы адамгершілік, тәлім-тәрбие, қанағаттылық, тектілік, имандылық секілді қасиеттердің шыңдалуы баста назарда ұсталып отыр.
Пікірсайыс турнирі қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Оған республиканың барлық аймақтарынан жоғарғы оқу орындарының белсенді студенттері қатыспақ.
Сайыс шеңберінде тақырыптық семинар-тренинг, дөңгелек үстел және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.