ҚазҰТУ-де жаңа инженерлік профилдік зертхана ашылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің технопаркінде жаңа инженерлік профилдік зертхананың (ИПЗ) тұсауы кесілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ИПЗ ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы қаулысына сәйкес құрылып отыр. Оның негізгі мақсаты университеттің ғылыми инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жетілдіру, ғылым және инновациялық технологиялардың дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асуын әлемдік деңгейде қамтамасыз ету. «Зертхана тау-кен және мұнай-газ салаларында зерттеулер жүргізуге бағытталған. Сондай-ақ кешен университет студенттерін нанотехнологиялармен таныстыруға, зертханалық жұмыстар атқаруға арналып отыр», дейді ИПЗ ғылыми жетекшісі Сарқыт Құдайбергенов.Зертхана қазіргі заманғы қондырғылармен қамтамасыз етілген. Солардың ішінде, 5 300 000 есе ұлғайтуға мүмкіндігі бар төменвакуумды сканерлеуші электронды микроскоп, ұсақ материалдарға сараптама жүргізетін рентгендік дифрактометр, күрделі қоспаларды бөлетін газды хромато-масс спектрометр, сұйықтық құрамындағы металл қоспаларын анықтайтын индуктивті плазмамен байланысқан оптикалық эмиссиялық спектрометр, биотехнология саласында зерттеулер жүргізуге арналған шағын нанозертхана, металлографиялық микроскоп секілді жабдықтар мен механикалық үлгі сынамаларын даярлау және үлгілерді дайындаудың мәрелік сынама бөлімдері бар.ИПЗ құрамында ҚазҰТУ-нің білікті ғалымдары мен мамандары жұмыс істейтін болады.
Соңғы жаңалықтар