16:40, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
ҚазҰТУ-дың 45 студенті «Шеврон» компаниясының стипендиясына ие болды
/strong>Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің 45 студенті «Шеврон» компаниясының білім стипендиясына ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Алматыда аталған білім стипендиясы иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. «Бұл стипендия «Шеврон» компаниясының талантты жастарды қолдауға арналған арнайы бағдарламасы аясында беріліп отыр. Қазақстанда бұл бағдарламаға әріптес ретінде жақында 75 жылдық мерейтойын атап өткен ҚазҰТУ таңдалып алынды», дейді «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің атқарушы директоры Дерек Магнесс. Оның айтуынша, бағдарлама енгізілгеннен бері ҚазҰТУ-дың 90 студентіне білім стипендиясы табыс етілген.