05:32, 10 Қыркүйек 2018 | GMT +5
ҚазҰУ алдындағы саябаққа арт-нысандар орнатылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңындағы саябақта отбасы күніне арналған пикник өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәлем, көршілер!» атты серуенге шыққан отбасыларға арнап музыка қойылған, фуд-корттар және көркемсурет шеберлік сабақтары ұйымдастырылған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, саябақтағы серуен өткізіліп жатқан орын бірнеше аймаққа бөлінген. Қала тұрғындарының игілігі үшін мұнда мәдени-интеллектуалдық шаралар, көптеген шеберлік сабақтары өтіп жатыр.
Саябаққа орнатылған арт-нысандар демалушылардың ерекше назарын аударды. Көркем мүсіндерді Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген шеберлер қала тұрғындарының көз алдында салды. Олар шара аяқталған соң, саябақта қалады.