13:14, 02 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚазҰУ-да денсаулық спартакиадасы өтеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қаңтардың 5-11-і аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің 75 жылдығына арналған спартакиада өтеді,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған спорттық жарыстардың салтанатты ашылу рәсімі қаңтардың 6-сы күні болмақ. Жыл сайын өткізіліп жүрген бұл шара университет қызметкерлері арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттауға бағытталған. Сайыс бағдарламасында мини-футбол, шахмат, волейбол, үстел үстіндегі теннис, бадминтоннан жарыстар өткізілмек. Жарыстар ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өткізіледі.