ҚазҰУ-да еліміздегі талантты жастардың оқуына барлық жағдай жасалады - Б. Жұмағұлов

АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов Алматыдағы мектеп директорлары мен үздік ұстаздармен кездесті,

ҚазҰУ-да  еліміздегі талантты жастардың оқуына барлық жағдай жасалады - Б. Жұмағұлов
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Алғаш өткізіліп отырған кездесудің басты мақсаты әріптестік пен өзара қарым-қатынас орнату. Биылғы жылы Алматы мектептерін 8 мыңнан астам оқушы тәмамдайды. Олардың алдында өмірлік жолды таңдау тұр.Жыл сайын алматылық мектептердің ең үздік оқушылары ҚазҰУ студенті атанады. Бүгінгі кездесуіміз де сол дәстүрді жалғастыру мақсатында өткізіліп отыр», деді ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов.Ол сондай-ақ мектеп басшыларына ҚазҰУ-дың қазіргі өмірі жайлы таныстырып, Алматы мектептеріндегі ең дарынды оқушыларды ҚазҰУ-да білім алуға шақырды. «ҚазҰУ 75 жыл өмірінде Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі болып келеді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарда одан әрі де жалғастырмақпыз. Алдағы уақытта ҚазҰУ жаңа заман мамандарын дайындауда жаңа бағыттарда жұмыс істемекпіз. Биылдан бастап қабылданған студенттерді дайындаудың жаңа концепциясына орай дарынды, қабілетті және шығармашылық қарымды оқушыларды студент қатарына қабылдап, Елбасы тапсырмасына орай әлемнің кез-келген елінде еркін жұмыс істей алатын маман ретінде дайындамақпыз. Бұл бағытта ҚазҰУ студенттеріне барлық жағдай жасалады», деді Б.Жұмағұлов. Шараға қала мектептерінің 1 500, ҚазҰУ-дың 150-ге жуық өкілдері қатысты. Шара соңында бірқатар мектеп директорларына педагогикалық үлесі мен түлектерді дайындаудағы жоғары нәтижелері үшін ҚазҰУ-дың алғыс хаттары табыс етілді.