ҚазҰУ-да философия докторларының қатары 41 білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған 55 адаммен толықты
АЛМАТЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде дайындалған философия докторларына (PhD) диплом тапсыру рәсімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Докторантура түлектеріне диплом беру рәсімі бізде екінші рет өтіп жатыр. Ол биыл университеттің мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы PhD доктарантурасы Қазақстан үшін жаңа құбылыс», - дейді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Орынханов.
PhD докторантурасы еліміздегі алғаш рет 2005 жылы ҚазҰУ-да ашылған болатын. Онда алғашқы 59 философия докторы өткен жылы диплом алған еді. Биыл олардың қатары тағы 52 адамға толығып отыр. Олардың тоғызы халықаралық қатынастар, тоғызы биология, сегізі физика, жетеуі химия, алтауы экономика және бизнес, бесеуі философия және саясаттану, төртеуі механика-математика, ал үшеуі журналистика, филология, шығыстану факультетінде білім алды. Бұл жас ғалымдарды университет оқытушылары Жапония, Еуропа, ТМД және Солтүстік Америка елдеріндегі жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарындағы әріптестерімен бірлесіп дайындады. Биыл Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орнының PhD докторантурасын алғашқы шетелдіктер де бітіріп шықты.