ҚазҰУ-да құқықтық клиника ашылды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ – Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде құқықтық клиника ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алдағы уақытта құқықтық клиника тек студенттерге ғана емес, Алматы жұртшылығына да құқықтық кеңес беретін болады. Клиниканың ашылуында айтылғандай, онда оқытушы-профессорлармен қатар жоғары курс студенттері қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек қатнастары, жанұя, тұрғын үй сынды салалар бойынша кеңес береді. Университеттің даму және құқықтық мәселелер жөніндегі проректоры Нұрлан Ыбырайымның айтуынша, аталған клиника студенттердің оқу тәжірибесінен өтуге, жергілікті құқықтық органдармен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.