ҚазҰУ-да Жеңістің 65 жылдығына арналған студенттер арасында спорттық эстафета өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Қазақ ұлттық университетінің алаңында студенттер арасында Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған спорттық эстафета өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында университет факультеттері арасында жеңіл атлетика, бокс, баскетбол, жүзуден және спорттың т.б. түрлерінен сайысқа түсті. Спорттық шараға студенттермен қатар халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2009 ж. Белградтағы универсиаданың күміс жүлдегері Екатерина Евсеева, 2009 ж. Әлем чемпионатының қатысушысы, спорт шебері Галина Кичигиналар қатысты. Эстафетаға халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері Виталий Цыкунов және Наталья Тукова, Алмас Бейсенов қатысты. ҚазҰУ-дың дене шынықтыру және спорт кафедрасы өкілдерінің айтуынша, жеңіс мерекесіне арналған эстафета дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мәселен, 50-ші жылдардағы жеңіл атлетиканың шоқ жұлдызы, республиканың үздік спринтері болған Юрий Рыбин осындай эстафетаның жеңімпаздарының бірі. Сонымен қатар жеңіл атлетика бойынша КСРО-АҚШ-тың үздік спортшысы В. Волков та ҚазҰУ-дың эстафетасы арқылы үлкен спортқа жол ашқан.

Соңғы жаңалықтар