ҚазҰУ-де факультеттердің куратор-эдвайзерлер кеңесі төрағаларына арналған семинар өтті
АЛМАТЫ. 14 маусым. ҚазАқпарат - 14 мамыр мен 10 маусым аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті университеттегі факультеттердің куратор-эдвайзерлер кеңесі төрағаларына арналған семинар өткізді деп хабарлайды аталған университеттің баспасөз қызметі.
Бұл семинардың мақсаты - куратор-эдвайзерлердің қызметін жақсартуға арналған.
Семинар Куратор-эдвайзерлер кеңесі қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері, аға куратор-эдвайзерлердің функционалды міндеттері, қызметтік рейтингтерін бағалау жүйесі, студенттермен тәрбие ісі бойынша өткізілетін әдістемелік материалдардың жасалуы және тағы басқа тақырыптар бойынша өтті.
Бұл шара 15-17 шілде аралығында факультеттер мен кафедраларда жалғасын таппақ.
Сондай-ақ 8-10 шілде аралығында Ыстық көл жағалауында жылжымалы семинар өткізіледі деп жоспарлануда. Семинар бағдарламасы бойынша психологиялық тренингтер мен байқаулар және ойындар өткізіледі.