ҚазҰУ-де «Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-ы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Оразбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр,

ҚазҰУ-де  «Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмаш шара ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған. Әбдулманап Оразбаев ҚазҰУ-дың археология және этнология кафедрасын ұйымдастырушы әрі алғаш меңгерушісі болған. Аталмыш орталық бүгінде еліміздегі археология және этнология мамандарын дайындайтын жалғыз орталық. Әбдіманап Медеуұлының шәкірттері қатарында Ж. Таймағамбетов, А. Төлеуов, Е. Әжіғали, М. Елеуов, Б.Ысмағұлов сынды ғалымдар бар. Аталмыш мәслихат тас, қола, темір дәуірлері, ортағасыр археологиясы мен этнологиясына арналған 5 бөлімнен тұрады. Конференцияда археология, этнология және өнертану саласындағы мәселелер де терең талқылануда. Сонымен қатар археолог ғалымдардың ғылыми жұмыстары мен археологиялық ескерткіштерінен тұратын көрме де ұйымдастырылып отыр. Шараға белгілі ғалымдар, археологтар мен этнологтар, студенттер қатысуда.