ҚазҰУ-де жаңа мұражай ашылды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ведомстволық және университеттік жаңа мұражайдың тұсаукесері болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұражайдың ресми ашылуы 2009 жылдың 13 қазанында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың аталмыш оқу орнына келуі барысында болған.

Мұражай кешенінің жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайды. Жаңа мұражай тарих галереясы, Даңқ залы, университеттің қазіргі және болашақ даму залы сияқты үш экспозициядан тұрады. Мұражайға Қазақстанның тұңғыш классикалық университетінің дәстүрге бай тарихынан сыр шертетін 5 000-нан аса тарихи құнды құжаттар мен сирек кездесетін мұражай экспонаттары қойылған. Сонымен қатар шығыс ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фараби мен ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы, ұлттық ғылым-білім жүйесінің нығаюындағы, жастар саясатындағы рөліне арналған экспонаттар керемет кешенді үйлесім тапқан.

Мұражай экскурсиясынан университеттің қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер, білім беру жүйесінің жетілгендігі, халықаралық байланыстардың нығайғандығы, студенттердің қызықты кездері, жалпы университеттік кафедралар мен кітапханалардың  қазіргі заманға сай инновациялық өсуімен танысуға болады.

Жаңа мұражай қала мәдениетінің ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша маңызды нысан болары анық.

Соңғы жаңалықтар