ҚазҰУ-дің 1 курс студенттері тұңғыш жинақтарын жарыққа шығарды

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 1-курс студенттері «Селт еткізер» атты тұңғыш жинақтарын жарыққа шығарды.
None
None
Бүгін осы туындының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 20 студенттің әңгіме, өлеңдерінен топтастырылған кітап мың данамен «Асаба» баспасынан жарық көрген. «Студентердің барлығы баспа ісі және редакциялау кафедрасында оқығандықтан шығармашылықты ғана емес, баспа мен баспаханадағы атқарылатын баспалық-редакциялық және техникалық жұмыстарды да толықтай өздері атқарып шықты. Дизайн мен корректор да өз арамыздан табылды. Жинақты ҚазҰУ-дің 75 жылдық мерейтойына арнап шығарып отырмыз», - дейді кітаптың жауапты редакторы, 1-курс студенті Ақтоты Әбдіғаниқызы. Бір қызығы, 1 курс студенттері шығарған тұңғыш туынды шыққан бойы түгелдей сатылып кеткен. «Кітап ? білім бұлағы» деген қағида жаңа заман талабына сәйкес өзгерді. Шығармаға тек коммуникациялық қатынас немесе ақпарат беруші құрал ғана емес, тауар ретінде қарау күн тәртібіне шығарылды. Бұл өз кезегінде Қазақстан баспаларынан нарықтық қатынастарға қалыптасу, маркетингтік зерттеулер, PR жұмыстарын тиімді жүргізу секілді әлемдік деңгейдегі құндылықтарды талап етіп отыр. Сондықтан болашақ баспа мамандары ретінде біз 1 курстан-ақ өз күшімізбен тәжірибе жинақтауға кірістік», - дейді жинақты шығарушы студенттер.
Соңғы жаңалықтар