ҚазҰУ ректоры Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясының алтын медалін иеленді

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясы Президиумының шешімімен (ЖМ ХҒА) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Білім және ғылым саласындағы көрнекті еңбегі үшін» атты атаулы алтын медалімен марапатталды, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.

ҚазҰУ ректоры Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясының алтын медалін иеленді

Жоғары марапатты ол Орта-Азиялық аймақ бойынша алғашқы болып иеленді. Академия мүшелері арасында мұндай марапатқа ие болған заманауи ғалымдардың арасында Нобель сыйлығының иегері Ж.И. Алферов бар.

«Бұл жоғары марапат - Ғалым Мұтановтың жаңашыл ғалым, бірнеше инновациялық жоба авторы, ірі университет жетекшісі ретіндегі еңбектерінің үлесі. Біз шын ниетпен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректорын құттықтап, алдағы уақытқа жетістіктер мен өрлеу тілейміз, - деп атады, Мәскеуде өткен салтанатты марапаттау барысында Академия Президенті Валентин Шукшунов.

Академия өз қатарында әлемнің 47 елінен 1350 ірі әрі танымал ғалымдардың сондай-ақ, 155 ЖОО мен ғылыми орталықтардың басын қосатын халықаралық беделді ұйым болып табылады. Сонымен бірге ЖМ ХҒА қызметі әртүрлі елдердің соның ішінде, алдымен, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің білім жүйесін жақындастыру мен интеграциялауға бағытталған. Академия университеттік білімді дамыту мен  қалыптастыруда жаңа идеялар мен жаңаша бағыттарды ілгерілетуге ерекше көңіл аударады.