ҚазҰУ түлектеріне арналған кітап жарық көрді
trong>Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Біздің элита. Наша элита» атты кітап жарық көрді. Бүгін осы басылымның тұсаукесер рәсімі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туынды аталмыш жоғары оқу орнының осы жылдар ішінде білім алған түлектері туралы. Кітапта ҚазҰУ-дың 125 мың бітірушісінің ең жоғары жетістіктерге жеткен 225-інің өмірбаяны берілген. Құрастырушылардың айтуынша, шығарма бірнеше томнан тұрады. Сондықтан әлі де жалғасын таппақ. 1-ші том 19-20 ғасырдың басындағы түлектер мен ҚазҰУ тарихына арналған.