Қазыбек Аманбаев ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионы атағы үшін таласады

         АЛМАТЫ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазыбек Аманбаев желтоқсан айында ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионы атағы үшін таласуы мүмкін,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         "Бапкеріміз Сағатбек Мұсаханов алғашқы кезде қарашаның 8-іне жоспарлаған бұл сайыс біздің бүгінгі Сеулге  жасайтын ресми сапарымызға байланысты кейінге қалдырылып отыр. Онда АҚШ, Бразилия, Германия, Жапония,  Корея сияқты  елдердің ережесіз жекпе-жек қауымдастықтарымен келісімшарт жасаймыз. Әріптестеріміз бізбен келіссе, Әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын халықаралық турнир  желтоқсан айында Астана мен Алматы қалаларының бірінде өтуі мүмкін", дейді ережесіз жекпе-жектен Әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Назаров.

          Алматыдағы Қазақ қатынас жолдары университетінде 3-ші курста оқитын 20 жастағы Қазыбек Әшімов  "Абылай хан" кәсіпқой спорт клубында бокс және ережесіз жекпе-жектен республикаға еңбек сіңірген бапкер Сағатбек Мұсахановтан тәлім алып жүр. Ол осы уақытқа дейін 9 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін өз пайдасына шешкен.  Бұған дейін панкратионнан  Азия чемпионы атанған спортшы биыл Алматыдағы халықаралық турнирде  сәуір  айында  өзбекстандық Білімбек Шабировты, ал тамыз айында ресейлік Сергей Яковлевті тізе бүктірді.  Қазыбек енді ережесіз жекпе-жектен   мәртебелі жаңа белдікке  ие болса,   Алматы облысы Райымбек ауданының Қақпақ ауылынан шыққан 3-ші  Әлем чемпионы болмақ. Бұған дейін мұндай жоғары атаққа ағайынды Ардақ пен  Бейбіт Назаровтар қол жеткізген  болатын.

Соңғы жаңалықтар