Қазығұрт ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, ондағы бірқатар әлеуметтік нысандардың ел игілігіне берілуіне куә болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Ең алдымен, өңір басшысы ауданның Қазығұрт ауылындағы «Болашақ» шағын ауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін пәтер қожайындарына табыстап, қуаныштарына ортақтасты. 20 аз қамтамасыз етілген отбасы мен жетім балаларға табысталған үйлерге болашақта, жалпы саны 64 отбасы көшіп барып, қоныс тойын тойлайтын болады. 

«Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, тұрғын үйлер бүгінгі талапқа сай салынған. Су, табиғи газ жүйелері мен жарық тартылған. Іші жарық. Ғимараты еңселі. Келешекте мұндай жұмыстар өз жалғасын табатын болады», - деді өңір басшысы. null 

Ауданның 90 жылдық торқалы тойында салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар үшін де бұл күн құтты болды. Дәл осы шағын ауданда 210 орынға арналған «Жеңіс» дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

Салтанатты шараға куә болған Ж.Түймебаев таяуда ғана әлемдік ареналарда ауданның шыққан шарапханалық Ержан Жомарт, Абдулла Еркебұлан сынды сайыпқырандардың топты жарып шыққанын мысал етіп, Қазығұрттан олардың жолын қуып, күллі қазақтың намысын қорғайтын өрендер шығуына тілектестігін білдірді.

Мұнан соң, жиналған көпшілік осы ауылдан жаңадан жұмысын бастаған «Өнер» мектебінің салтанатты ашылуын тамашалады. 100 орынға лайықталған өнер ордасында енді Қазығұрттың өнерпаздары облыстық, республикалық өнер байқауларына дайындалатын болады.  

90 жылдық мереке аясында өңір басшысы бастаған топ ауданда ашылған этноауылда болып, ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған көрмені тамашалады.